Сұрақтарға соңғы жауаптар

Филиал туралы жалпы ақпарат

Ведомстводан тыс жобаларды сараптаудың Республикалық біріккен мемлекеттік жүйесі Совет Министрлерінің Қаз ССР 1987 жылдың 26 тамыздағы №400 және 1987 жылдың 23 шілдедегі №841 Қаулыларымен құрылды.
1989 жылдың 12 ақпанында Гурьев облыстық кеңесінің шешімімен Гурьев облыстық атқарушы комитетінің жанындағы «Казглавэкспертиза бюросы» аталып, ал кейін «Атыраумемсараптама» еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылған.
«Мемсараптама» РМК-нің 05.07.2012 ж. №127 бұйрығы негізінде «Атыраумемсараптама» еншілес мемлекеттік кәсіпорын «Мемсараптама» РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалы болып қайта құрылды.
«Мемсараптама» РМК 2016 жылғы 26 мамырдағы №112 бұйрығы бойынша, «Мемсараптама» РМК Атырау облысы бойынша филиалы қайта құрылып және «Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалымен біріктіріліп бір филиал болды, құрылып «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалы Атырау қаласында өндірістік бөлімі болып атауы өзгертілді.

Филиал «Мемсараптама» РМК-ның бөлек бөлімшесі болып табылады, ол мемлекеттік монополияға жатқызылған жоба алдындағы, жобалау (жобалау-сметалық) ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу бойынша өз функцияларын жүзеге асырады.

Батыс өңіріндегі «Мемсараптама» РМК-филиалы өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бұйрықтарымен және қаулыларымен, «Мемсараптама» РМК бұйрықтарымен және өкілдерімен, және филиал туралы Ережелермен реттеледі. Жобалық сараптама жүргізу барысында Батыс өңіріндегі «Мемсараптама» РМК сарапшылары жобалық және жобалық бағалаудың сапасы мен прогрессивті деңгейін жақсартатын тиімді жобалық шешімдер ұсынады

Директордың орынбасары – Мықтыбаев Қанат Жақсылықұлы